Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Давид Лемье: Мен Головкинмен тағы бір рет айқасқым келеді

Орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы канадалық  Давид Лемье  12 наурызда Монреалда  (Канада) рингке қайта оралады.

image121855

Сурет news.caravan.kz сайтынан алынды

Бұл туралы Allboxing.ru сайты хабарлайды.

Оның қарсыласы 28 жастағы мексикалық Джеймс Де Ла Роса болмақ. Бұл Лемье үшін өткен жылдың қазан айында Геннадий Головкиннен жеңілгеннен кейінгі алғашқы айқасы.

Биылғы жылы Лемье қазақстандық боксшыдан қарымта қайтаруға құлшынып отыр.

«Негізінен алып қарағанда, маған емес, менен гөрі Головкинге айқас қажет болды. Чемпион ретінде мен онымен жұдырықтасқым келді. Мен ең мықтылармен айқасқым келді. Енді экс-чемпион ретінде бәрібір Головкинмен жекпе-жекке шығып, өз титулымды қайтарғым келеді. 2016 жылы мен чемпион болуды жоспарлап отырмын».»,-дейді Лемье.

Талқылау