Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дауысы Мұқағали ақыннан аумайтын жігіт интернетті “жарды” (видео)

Интернет желісінде өзінің өлең оқыған бейнежазбасын салған жігіт барша желі қолданушыларын таңқалдырды.

2525

Алмас есімді жігіт бұл жазбаны өзінің Фейсбуктағы парақшасында жариялады. Онда талантты жігіт ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың “Пай-пай өмір” өлеңін нақышына келтіре оқып шыққан.

Жігіт дауысын барынша Мұқағали Мақатаевтың дауысына ұқсатыпты. Бұған дейін атақты ақынның өлең оқыған дауысы Қазақ радиосы мұрағатынан табылып, қалың қазақпен қауышып, үлкен танымалдылыққа ие болып кеткен еді.

Талқылау