Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қазақстан даусы” жобасында 7 млн кімге бұйырады

Жуырда “Қазақстан даусы” жобасының жеңімпазы анықталмақ. Әр топтан бір-бір қатысушы қалды.

15876247_1666314440327998_5819335237565415424_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Қазақстан даусы” жобасы өз мәресіне жетіп қалды. Аталған жоба биыл төртінші рет өткізіліп жатыр. Жобаның соңғы айналымында төрт қатысушы қалды. Бірер уақыттан соң көрермен 7 млн теңгенің иесін анықтайтын болады.

Жобада Әли Оқаповтың тобында Кеня Доня, Жанна Орынбасарованың тобында Орынбасар Әбу, Еваның тобында Дінмұхаммед Дәулетов, ал Абдуллинның тобында Әлібек Әлмәдиев қалды. Яғни жеңіс осы төрт қатысушының біріне тиесілі болмақ.

“Қазақстан даусы” жобасы – 2010 жылы Голландиядан бастау алған “The voice” байқауының қазақша нұсқасы. Бүгінгі таңда аталған байқау әлемнің 50 шақты мемлекетінде өткізіліп жатыр. Ол өзге шоулардан ерекше. Тәлімгерлер шәкірттерін тек дауыстары арқылы ғана таңдайды. Яғни үміткерлер қазақстандық әншілерді өзінің сыртқы келбетімен таңқалдыра алмайды.

Төрт тәлімгер өз тобына 14 адамнан жинайды. Екінші айналымда қатысушылар дуэт болып ән салады. Финал кезінде көрермендер өзіне ұнаған әншіге дауыс беру құқығына ие болады. Аталған шоуға қатысушылардың көбісінің тәжірибесі бар.

15034845_1306702139374878_2084516433848434688_n

15624956_1843896625882540_7649447362468773888_n

15877472_542239505985476_6443449094399590400_n

15876777_1353795944660244_486792606940921856_n

Аталған жобы осы уақытқа дейін үш жыл қатарынан Ұлттық арнадан көрсетілген-ді. Соңғысының жүргізушісі – танымал актер Шыңғыс Капин. Ал тәлімгерлер – Жанна Орынбасарова, Нұрлан Абдуллин, Ева Бехер және Әли Оқапов. Жеңімпазға 7 млн теңге тарту етілмек.

Өз жеңімпазыңызға дауыс беру үшін суреттің сол жағындағы батырманы басыңыз. Құрметті Stan.kz порталының оқырмандары, аталған байқаудың жеңімпазын бірге анықтайық.

Талқылау