Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дауылға қарамай әнін соңына дейін орындаған Төреғали Төреәлі жұртты сүйсінтті (видео)

Ұлы дала желі! Талдықорғанда бүгінгі полицейлер мен мемлекеттік қызметкерлер күніне арналған концертте шаңдатып соққан дауылға қарамастан, әнін соңына дейін орындаған Төреғали Төреәлі халықтың ықыласына қайта бөленіп, дүйім жұртты сүйсінтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Дауылға қарамай әнін соңына дейін орындаған Төреғали Төреәлі жұртты сүйсінтті

Ұлы дала баласы қанша рет сынға түссе де, халықтың оған деген ықыласы ерекше. Қашанда көңілді жүретін әнші бүгінгі мерекелік концертте бұрқыраған дауылға да қарамай ән айтып, жанкүйерлерімен суретке түсіп те үлгерді.

Әншінің “Атышулы Төреғали Төреәлі тағы да…Бұл жолы точно мен емес деп” жариялаған видеосы оқырмандардың арасында қызу-талқыға түсті.

Өз кезегінде, желі қолданушылар сүйікті әншісіне қошемет көрсетіп, мақтау-мадақтарын жаудырды.

“Дауылға қарамай әнін соңына дейін орындар шықты, жарайсың Төреш! Кім не десе, о десін, сен нағыз талант иесісің! Біз сені жақсы көреміз. Құдай осынша дауыл, топыраққа қарамастан халықтың Төрешке деген сүйіспеншілігін дәлелдейін деген шығар. Топырақ құйып, жел ұшырса да халық Төреғалимен суретке түсуге таласуда. Нағыз азамат, жарайсың!”,- деді оқырмандар.

Дауылға қарамай әнін соңына дейін орындаған Төреғали Төреәлі жұртты сүйсінтті (видео)

Кейбір оқырмандар әншіні мақтап, қолпаштап отырса, тағы біреулері Ұлы дала баласына әлі де ренжулі секілді. Себебі, кейбіреулері “Саған табиғатта ренжулі” деп өкпесін айтып жатыр. Бірақ, басым көпшілігі сүйікті әншілеріне қарсы сөз айттырмай, шаң жуытпайды.

“Төреғали балам мерейің үстем болсын, тек қана алға! Саған ешкім жетпейді. Бауырым аман болшы, қандай болсаң да Төреғали Төреәлі болып қала бересің. Мықты жігітсің ғой, тек алға ұмтыл. Ақ сауытты Айдарбек батыр бабаның ұрпағы, жел тұрмаса Төреғалидай ұрпағы орнынан қозғалмайды! Жел қарсы шыққанмен, Ел қарсы шықпайды, алға бауырым”,- деді тағы басқалары.

“Атышулы Ұлы Дала желі болыпты ғой. Төрешке тиісе бермеңдер. Не бүлдірсе де, ол біздің сүйікті әншіміз. Ақ Төрешімізді жүрегі кең”,-деген пікірлер жазылған.

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау