Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дауыл соғады: Қазақстанның кей облысында ауа-райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп жазады Stan.kz.

 

Қазгидрометтің мәліметінше, еліміздегі үш облыста дауыл соғады. 13-15 қыркүйек күндері Қызылорда облысының кей жерлерінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады.

13 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында батыстан, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Кей жерлерде желдің жылдамдығы 23-28 м/с-қа дейін жел соғады деп болжанды.

13 қыркүйек күні Петропавлда 15-20 м/с жылдамдықта батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады.

13-14 қыркүйек күндері Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан 15-25 метр жылдамдықта, кей жерде екпіні 23 м/с-қа дейін жететін жел соғады. Таразда 15-20 м/с жылдамдықта солтүстік-шығыстан жео соғады деп болжанды.

 

Талқылау