Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәурен естімесін: Ақбота-Нұр өзіне қымбат сый жасаған жігіттер туралы айтты

Ақбота-Нұр студент кезде ешқандай жігітке назар аудармаған. Алғашқыда білімге ден қойып, кейіннен КешYou тобына қабылданғаннан кейін жеке өмір жайлы ойлауға уақыты да болмапты. Десе де, бота көзді Ақботаға сезімін білдіретін серілер көп болған.

Ақбота-Нұр

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі “Ел аузында” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Студент кезімде біреумен көңіл жарастырып не махаббат деген болмапты менде. 4 жыл бойы. Өйткені мен топта ән салдым, гастрөлде болдым. Сондықтан да солай”, – дейді Ақбота-Нұр.

Әйткенмен Ақботаға ғашық жігіттер көп болған. Олар Сейітмағамбеттің көңілін аулау үшін неше түрліні істеген көрінеді.

“Дәурен естімесін. Көбінесе студенттік кезде болды. 17 жасымда үлкен курстың жігіттері балмұздақтарға қырындайтын еді ғой. Гүлдерін алып келіп, есіктің алдына шырақпен жүрек қойып, келіп гитарамен ән айтып тұратын. Өзім музыкалық колледжде оқығандықтан, барлығы домбыра не гитара арқалап келетін. Сондай қызықтар болатын.

Үйімнің мекен-жайын қайдан табатынын білмеймін, неше түрлі қымбат сыйлықтарын, гүлдерін сыйлап жататын”, – дейді Ақбота Сейітмағамбет.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау