Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәурен Елеусінов кәсіпқой бокстағы бесінші жекпе-жегін АҚШ-та Рэймонд Тэрримен өткізеді

Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов кәсіби мансабындағы бесінші жекпе-жегін АҚШ-та Рэймонд Тэрриге қарсы өткізеді. Бұл туралы спортшының ВКонтакте-дегі ресми парақшасында хабарланды.

neMOrN52X3Q

Сурет боксшының ресми парақшасынан алынды

«Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Дәурен Елеусіновтің келесі қарсыласы белгілі болды. Ол американдық Рэймонд Тэрри. Жекпе-жек 17 ақпанда Нью-Йорктегі (АҚШ) Манхэттен BBking-те өтеді», – делінген хабарламада.

Кәсіпқой бокс аренасында өткізілген төрт жекпе-жектің ішінде Д.Елеусінов төрт рет жеңген, соның ішінде үшеуін нокаутпен аяқтаған. Болашақ қарсыласының есебінде де сонша жекпе-жек бар, соның ішінде екеуінде басым түсіп, екеуінде жеңіліп қалған.

Талқылау