Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәурен Айдарқұлов әйел адамның рөлін сомдамақ

Көбінесе қызқұмар немесе алаяқ жігіттің рөлін сомдайтын Дәурен Айдарқұлов енді әйел кейпіне еніп көрмек. Әйел адамды сомдаған Дәурен болашақта мейлінше мұндайдан аулақ жүруге тырысамын дейді.

Дәурен Айдарқұлов әйел адамның рөлін сомдамақ
Бұл туралы Stan.kz НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеп хабарлайды.

Дәуреннің актерлік қабілетіне көрермендер “Круиз” атты фильмде баға бере алады. Картинада Ақбота-Нұрдың күйеуі 8 түрлі образда шығады. Ішіндегі ең қиыны – әйел адамды сомдау екен.

“Маған шынымды айтсам «әйелдің образы» бұрыннан ұнамайтын. Сол бір жағынан қиын болған. Өйткені каблукпен жүресің, боянасың, үйтесің-бүйтесің, бір нәрсе киесің”, – дейді Айдарқұлов.

Отандық актерлердің ішінде әйел рөлін сомдағандар жетерлік. Алғашқыда “Келинка Сабинка” образымен көптің көңілінен шыққан Нұртастың нәзік жандылардың образына еті үйренген. Ал Дәурен әзіл әлеміндегі әріптесіне бәсекелес болғысы келе ме?

“Конкуренция болғым келмейді де, ондай ойым да жоқ та, Болашақта мүмкіндігімше сол әйелдің образын ойнамауға тырысамын”, – дейді Дәурен.

Тың туынды желісінде – қарапайым жігіт, ауқатты әулеттің қызына ғашық болмақ. Алайда, арудың назарын аудару үшін, серіге түрлі образға енуге тура келеді. Өйткені, шетелде заңсыз жүрген жігіттің қулыққа бармасына амал жоқ.

“Бұл романтикалық комедия үлкен лайнерде, Жерорта теңізінде болған, әр түрлі қызық оқиғалардың жиынтығы деп айтса болады”, – дейді Дәурен Айдарқұлов.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау