Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәурен Айдарқұлов Ақботаға көз салған полицейді “соққыға жықты” (видео)

Дәурен мен Ақбота-Нұр Айдарқұловтар отандық жас әншінің бейнебаянына түсті. Атышулы жұп қызғаныш тақырыбындағы туындыда басты рөлді сомдаған, деп жазады Stan.kz.

Дәурен Айдарқұлов Ақботаны қызғанып, полицейді "соққыға жықты" (видео)

Клип желісі бойынша, Дәурен Ақботаға көз салған азаматтардың түгелімен дерлік төбелесіп шығады. Тіпті, жол полициясының “мұрнын бет қылып”, аямай тепкілейді.

Ақбота-Нұр да қалыс қалмайды. Бейнебаян соңында Айдарқұлова жарына көз қырын салған қызды “орнына қояды”.

Айта кетейік, “Қызғанба” атты әнді Ерік Тәстембековтің жаңа жобасы Дана орындаған. Клипке Асқар Бисембин режиссерлік еткен.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау