Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәурен Абаев жұрт шулаған “Қалаулым” бағдарламасын тексеруге уәде берді

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Еуразия телеарнасының «Қалаулым» бағдарламасын тексеруге уәде берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетерлігі, бүгін «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесіне келген министр алдымен Маңғыстаудан келген жеке кәсіпкер Сара Жүсіпованы қабылдап, оған «Облыстық мамандандырылған халыққа қызмет көрсет орталығында» медициналық көмек көрсету үшін жалға алған орнының мерзімін ұзарту мәселесіне көмек беруге тырысатындығын айтты.

Сонымен қатар «Тарихи Ата жұрт» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Үзбен Құрманбайұлының бірлесіп іс-шара өткізу бастамасына қолдау көрсетті. Мұнан бөлек, Дәурен Әскербекұлы бейнебайланыс арқылы Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстары тұрғындарының өтініштерін тыңдады.

Мәселен, Шымкенттен байланысқа шыққан блогер, заңгер Айгүл Орынбек ұрпақ тәрбиесіне нұқсан келтіретін Еуразия телеарнасындағы «Қалаулым» бағдарламасын жабу мәселесін қозғады.

«Қалаулым» бағдарламасы бойынша әлеуметтік желіде де жазған болатынбыз. Бұл бағдарламаға қатысты зерттеу де жүргізіп көрдім. Түркия елінен екен. Түркияның вице-премьері бұл бағдарламаға қарсы болып, жабылған. Яғни, жастардың бейәдеп сөздері, төбелесі бағдарламада белең алып кеткеннен кейін ұлттық мәдениетімізге қарсы деп жапқан. Енді өзге елде қаңсық дүние бізге таңсық болуда. Жастарымыздың бұзылуына түрткі болып отырған бұл бағдарлама неге бізде көрсетіледі?», – деді Айгүл Орынбек.

«Біз телеарналарға осыны көрсетіңдер не көрсетпеңдер деп, редакция саясатына араласа алмаймыз. Содан кейін сіз арнайы шағым жасасаңыз тексеруге міндеттіміз. Біз оны тексереміз, қараймыз. Айтқаныңыз дұрыс. Бұқаралық ақпарат құралдары бірінші кезекте еліміздің азаматтарының санасын жаңғыртып, тәрбиелеуі керек. Сондықтан бағдарламаның редакторларымен сөйлесуге дайынбыз», – деді Дәурен Абаев.

 

Талқылау