Дәурен Абаев жұрт шулаған “Қалаулым” бағдарламасын тексеруге уәде берді

Бейсенбі, 16 Қараша , 2017 7:50

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Еуразия телеарнасының «Қалаулым» бағдарламасын тексеруге уәде берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетерлігі, бүгін «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесіне келген министр алдымен Маңғыстаудан келген жеке кәсіпкер Сара Жүсіпованы қабылдап, оған «Облыстық мамандандырылған халыққа қызмет көрсет орталығында» медициналық көмек көрсету үшін жалға алған орнының мерзімін ұзарту мәселесіне көмек беруге тырысатындығын айтты.

Сонымен қатар «Тарихи Ата жұрт» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Үзбен Құрманбайұлының бірлесіп іс-шара өткізу бастамасына қолдау көрсетті. Мұнан бөлек, Дәурен Әскербекұлы бейнебайланыс арқылы Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстары тұрғындарының өтініштерін тыңдады.

Мәселен, Шымкенттен байланысқа шыққан блогер, заңгер Айгүл Орынбек ұрпақ тәрбиесіне нұқсан келтіретін Еуразия телеарнасындағы «Қалаулым» бағдарламасын жабу мәселесін қозғады.

«Қалаулым» бағдарламасы бойынша әлеуметтік желіде де жазған болатынбыз. Бұл бағдарламаға қатысты зерттеу де жүргізіп көрдім. Түркия елінен екен. Түркияның вице-премьері бұл бағдарламаға қарсы болып, жабылған. Яғни, жастардың бейәдеп сөздері, төбелесі бағдарламада белең алып кеткеннен кейін ұлттық мәдениетімізге қарсы деп жапқан. Енді өзге елде қаңсық дүние бізге таңсық болуда. Жастарымыздың бұзылуына түрткі болып отырған бұл бағдарлама неге бізде көрсетіледі?», – деді Айгүл Орынбек.

«Біз телеарналарға осыны көрсетіңдер не көрсетпеңдер деп, редакция саясатына араласа алмаймыз. Содан кейін сіз арнайы шағым жасасаңыз тексеруге міндеттіміз. Біз оны тексереміз, қараймыз. Айтқаныңыз дұрыс. Бұқаралық ақпарат құралдары бірінші кезекте еліміздің азаматтарының санасын жаңғыртып, тәрбиелеуі керек. Сондықтан бағдарламаның редакторларымен сөйлесуге дайынбыз», – деді Дәурен Абаев.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Anonymous says:

    Бул багдарламанын козин курту керек. Жасоспиримдер кандай тарбие алады. Онсызда аяктары ауырлап шакалактарды мусорга яки туалетке тастап жаткандары аздай… Осыны корип не уйренеди, арине жаман нарселерге уйр болады. Оданда ьарбие берерликтей багдарлама жасактасандаршы.

  • Anonymous says:

    Жастарға тәлім-тәрбие беретін бағдарлама емес бұл. Мысалы бүгін бір қызға келген жігіт танысып, бір-екі күн сонымен кездесуге шығып, ертесіне тағы біреумен кездесіп дегендей, сонда қыздардың ұяты қайда қалды. Кезінде апа әжелеріміз қолын жігітке ұстатпақ түгілі түрін де көрмеген. Біз не көріп жатырмыз?

  • Anonymous says:

    Қалаулым деген аты жақсы, бірақ басқа елден тура көшірмесін алмай, өзіміздің ұлтымызға зиянын келтірмейтіндей етіп, нағыз қалаулырарын таба алмай жүрген жандарға арналып жүргізілсе , жасы келген бойдақтарға да жасы келген қыз келіншектерге де көмегі болар ма еді?

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар