Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәурен Абаев: Қазақстандықтардың БЖЗҚ-дағы ақшасы ешқайда жоғалмайды

ҚР ақапарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қазақстандықтардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы ақшасы туралы айтты.

Дәурен Абаев: Қазақстандықтардың БЖЗҚ-дағы ақшасы ешқайда жоғалмайды

Бұл туралы министр  «Хабар» арнасының «Открытый диалог» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Таяуда сарапшылардың бірі бес жылдан кейін БЖЗҚ-да қазақстандықтарға зейнетақы беретін ақша қалмайтынын айтқан еді. Өз кезегінде Ұлттық банктегілер бұл ақпаратты жоққа шығарды. Алайда сарапшының беделді басылымдардың бірінде жарияланған пікірі көпшілікті алаңдатып қойды. Осы мәселе тұрғысында сөз қозғаған ақпарат министрі БЖЗҚ-дағы жинақ ақшаны мемлекет мұқият бақылайтынын айтты. Себебі зейнетақы аударымы – бұл азаматтардың күн сайын еңбектеніп тапқан ақшасы, дейді Абаев.

«Дәл осы себепті БЖЗҚ-ның қазіргі уақыттағы көрсеткіші желіде ашық жарияланған. Әр салымшы кез-келген уақытта өзінің жеке зейнетақы есебіндегі қаражатты бақылай алады.

БЖЗҚ құрылғаннан бері, оның жыл сайынғы инвестициялық табысы инфляция деңгейімен шамалас немесе одан да жоғары болып келеді. Осылайша, азаматтардың зейнетақы жинағындағы ақшасы ешқайда жоғалмайды», – дейді Дәурен Абаев.

Сонымен қатар ақпарат министрі инвестиция мәселесіне де тоқталып, банкротқа ұшыраған әзірбайжандық банктың акцияларына қатысты жасалған келісімді соттың жемқорлық деп танығанын жеткізді. Айтуынша, жауапты тұлғалар жазаға тартылған.

«Әзірбайжандық банкке қатысты прецедент Қазақстанның пайдасына шешілді. Бұл банкке тиесілі барлық қағазды Әзірбайжан облигациясына алмастырдық», – дейді ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау