Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәурен Абаев Қарағандыдағы жанжал туралы: Бұл біз үшін үлкен сабақ болады

ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Қарағандыдағы мейрамхана маңындағы жанжалға қатысты пікір білдірді.

Дәурен Абаев

Дәурен Абаев бұл жағдайдың үлкен сабақ болатынын атап өтті, деп хабарлайды «Хабар» арнасының «Открытый диалог» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz.

Бағдарлама барысында министрге: «Неліктен билік осыншама ұзақ уақыт үнсіз? Неге ІІМ-де баспасөз конференциясы арада бір апта өткеннен кейін ғана өтті? Және шұғыл ресми ақпараттың жоқтығы қауесетке толы ваакум жасайтын сияқты болып көрінбей ме?» – деп сұрай қойды жүргізуші.

Өз кезегінде сауалдарға жауап берген Абаев азаматтардың шулы оқиғалар кезінде ақпарат алуға құқығы бар екенін айтты.

«Менің ойымша, бұл қайғылы жағдай біз үшін үлкен сабақ болады. Соның ішінде қоғаммен байланыс мәселесі де бар. Шулы оқиғалар орын алған кезде азаматтардың не болғаны туралы ақпарат алуға құқығы бар екенін жақсы түсінеміз», – дейді министр.

Сонымен қатар ол оқиғаға қатысты фактілерді, күдіктілердің тұлғасын анықтауға және басқа да ақпараттарды тексеруге белгілі бір уақыт қажет екенін атап өтті.

«Нақты осы жағдайда жанжалға қатысқандар саны 10-нан асады. Олардың бәрі қаланың әр бұрышында жасырынды. Негізгі күдіктілердің бірі мемлекет аумағынан қашып кетті. Полиция бүкіл облыс бойынша тергеу амалдарын жүргізді. Сонымен қатар ресейлік әріптестерімен байланыс орнатып, бірге жұмыс істеді және әлі де жұмыс істеп жатыр.

Өздеріңіз жаңалықтардан білетіндей, қашқын ұсталды. Яғни біздің полиция барлық шұғыл шараны барынша тиімді атқарды. Әрине, ақпараттандыру кешіктірілді. Кейбір фактілерді тергеуга байланысты жариялай алмадық. Алайда бастысы, осының салдарынан нәтижесіне ешқандай зардап келген жоқ», – дейді ақпарат және коммуникация министрі.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау