Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәурен Абаев Астананың 20 жылдығы несиелік ақшаға тойланатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды

ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев елорданың 20 жылдығын тойлау үшін несиелік ақша жұмсалатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Дәурен Абаев

Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Астананың 20 жылдығын көлемді түрде атап өту үшін 19 миллиард жұмсалатыны туралы ақпарат қоғамда наразылық тудырды. Желі қолданушылары елорданың мерейтойын тойлау үшін несиелік ақша жұмсалады деген болжам жасаған еді.

«Жиырма жыл – бұл, ең алдымен, шенеуніктер үшін емес, тұрғындар мен елорда қонақтары үшін. Бұл қаражат бірнеше мемлекеттік органдардан құралды. Көбі айтып жүргендей, несиеге алынған ақша емес», – дейді Дәурен Абаев.

Сондай-ақ Дәурен Абаев мемлекеттен бөлінген ақшаның қайда жұмсалатынын да айта кетті.

«Шарадан кейін инфрақұрылым қалады. Елорда дамиды. Мұның бәрі қала тұрғындары мен қонақтары үшін жасалып отыр. Ал шараға жұмсалған ақша түрлі шара, салық түрінде қазынаға қайтып түседі», – дейді Ақпарат және коммуникация министрі.

Оқи отырыңыз:

“Бие – түйенің әйелі” деп жауап берген қазақ жігіті ел алдында масқара болды (видео)

Жүрегі батыстан, өзі оңтүстіктен: Қазақстандық келіншекке ер адамның жүрегі ауыстырылып салынған

Бұл банкте жұмыс істеген емеспін: Жомарт Ертаев тұтқындалғаннан кейін мәлімдеме жасады

Теміртауда болған атыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді

Талқылау