Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Даулы жер кодексі Назарбаевтың қол қоюына жіберілді

Даулы жер кодексін жыл соңына дейін тоқтатуды Сенат та қолдады. Жер саудасына уақытша тыйым салу туралы заң жобасын Жоғары палата бүгін бекітіп, құжатты Ақордаға Елбасының қол қоюына жіберді деп хабарлады КТК.

08254e8b92eb6b9241960c7f1d2

Сурет kapital.kz

Былтыр Ұлттық экономика министрлігі ауыл шаруашылығына арналған жерді шетелдіктерге 25 жылға жалға және отандастарымызға аукцион арқылы сатып алуын Парламентке бекітіп алған. Тіпті Президент қол қойып қойған құжат 1 шілдеде күшіне енуі тиіс болатын.

Алайда, жұрттың жаппай қарсылығынан соң Елбасының өзі Жер кодексіне жыл соңына дейін мараторий жариялады. Сөйтіп, Ауыл шаруашылығы министрлігіне қоғамдық пікірді ескере отырып, жер туралы заңды қайта жазып шығу жүктелді. Ол үшін қоғам қайраткерлері мен Үкімет мүшелерінен комиссия құрылып, қазір аймақтарды аралап жүр. Әзірге тұрғындардың ұсыныс-пікірлеріне қатысты нақты қорытынды айтылған жоқ.

“Жер кодексіне 1990 жылдан бері 6 рет өзгеріс енгізіліпті. Бұл заң тұрақтамай-ақ қойды. Енді бұл жолы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қандай ұсыныстары бар? Жер реформасы туралы комиссия да бір-біріне қарама-қайшы ұсыныстар айтылуда”, – деді Сенат депутаты Бірғаным Әйтімова.

Оқи отырыңыздар:

Дулат Исабеков: Президент жерге қатысты мәңгілік мораторий жариялауы керек

Мәжіліс шетелдіктерге жалға жер беру туралы нормаларды тоқтатуды мақұлдады

Талқылау