"Қиналғанын ешкімге айтпайды": Жазира Байырбекова құрбысының өзі туралы сөзінен кейін жылап қалды (видео)

Жазира Байырбекова жылаған видеосын жариялып, көңілшектігі туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасына қиын кездері туралы айтылғанда өксіп жылаған бейнежазбасын жариялады.

Видеода Жазираның құрбысы жұлдызды отбасының қиын шақтары туралы баяндайды. Оны естіген Жазира көз жасына ерік береген. Өнер иесі бұл қылығын көңілшектігім деп түсіндірді.

«Бойым кішкентай болса да, дауысым жіңішке болса да, бетімде аздап сепкілдерім болса да, мені жақын танитындар құрметтейді, Аллаға шүкір! Тек көңілшектігім болмаса», - деп жазды Жазира Байырбекова.

Жанболат пен Жазираның басынан өткен қиыншылықтар туралы оның құрбысы айтып берген болатын. Өзінде жоқ болса да, өзгеге қол ұшын берген отбасы көп адамның ықыласына бөленгенге ұқсайды.

«Отбасылық жағдайға байланысты Алматыға көшіп келді. Көптеген жұмыс істеді , пәтер жалдап тұрды, Қазбек кішкентай болды. Екеуі сол қиындықты бірге өтті. Бастарына түскен қиындықты ешкімге айтпайды, маған қасындағы студент қыздар айтатын. Біреуінің оқуын төлеп береді, бірін үйінде тұрғызады. Қашан барса да, үйінде топырлаған қонақ», - дейді видеода Жазираның құрбысы.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр