Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дауыс санаудан шаршаған сайлау комиссиясының 150 адамы көз жұмды

Индонезияда өткен сайлауда 150 адамы қаза болды. Сайлауға 157 млн адам қатысты. 

Дауыс санаудан шаршаған сайлау комиссиясының 91 адамы көз жұмды

Индонезияда сайлау комиссиясының 150 мүшесі қайтыс болды, 374 адамның ауыр еңбек салдарынан зардап шеккені анықталды. Бас сайлау комиссиясының (КПУ) төрағасы Ариф Будманның айтуынша, қайтыс болған сайлау комиссиясының қызметкерлері отбасыларына 30-36 миллион индонезиялық рупий сомасына бір реттік көмек көрсетіледі, ол 2 100-2 500 долларға тең.

"Біз сейсенбіде Қаржы министрлігіне баруды жоспарлап отырмыз. Сайлау комиссиясының бас хатшысы министрліктің лауазымды адамдарымен кездеседі", - деді Будиман.

Мүгедектікке ұшыраған жұмысшыларға 30 миллион рупий (2100 доллар), 16 миллион рупий немесе $ 1,137 мөлшерінде өтемақы төленеді.

Айта кетейік, жалпы сайлау 17 сәуірде Индонезияда өтті. Индонезия президенті, екі палатаның депутаттары мен жергілікті заң шығарушы органдарын сайлады. 800 000 сайлау учаскелерінде 157 миллион азамат дауыс берді. Сайлауға тұрғындардың 82%-ы қатысты.

Талқылау