Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Даудан соң “Юрта” мейрамханасында ілініп тұрған барыс терісі алынып тасталды

Мейрамхана әкімшілігі тері турасындағы дау бәсекелестердің кесірінен туындады деп есептейді.

75_main

Сурет әлеуметтік желіден алынды

“Юрта” мейрамханасында ілініп тұрған барыстың терісі қоғамда әжептәуір дау тудырған еді. Тіпті желі қолданушыларының бірі – тері Алматы зообағында өлген ірбістердің бірінің терісі болуы мүмкін деп өршіте түскен еді.

Мейрамхана қарсы туындаған жағымсыз пікірлер ақыры басшылықтың теріні алып тастау туралы шешім қабылдауына әкелді. “Юрта” әкімшісі Жәмила Сүйіндікова терінің қабырғадан алынып тасталғанын айтты.

Жәмила, теріні мейрамхана атын атамауды өтінген жұмбақ қонақтың тапсырғанын айтты.

“Бізге бұл теріні 25 жыл бұрын бір қонақ сыйлаған. Онда осы тері 10 жыл ілініп тұрған. Ол кезде қар барысы Қызыл кітапта жоқ еді. Даудан кейін біз бұл теріні алып тастады. Бізге келген қонақтардың бірі түсіріп алып, Инстаграмға жариялаған. Сірә, біздің бәсекелестеріміздің бірі босла керек”, – дейді әкімші.

Талқылау