Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дат сәулетшісі Алматының ауасын тазартпақ

 Алматының ауа тазалығын реттеуге шетелден мамандар шақыртылуда. Қаланы экономикалық тұрғыдан дамытуға Даниялық маман тиімді жоспар ұсына алған.

 284687

Бұл туралы ktk.kz хабарлайды

Ян Гейлдің ойынша қала біріншіден жаяу жүргіншілер үшін жайлы мекенге айналуы тиіс. Бұл үшін ол алғашқы кезекте автотұрақтарды азайтуды ұсынған.

«Сөйтіп демалыс орындары мен көшедегі орындықтар санын күрт көбейту керек»,- дейді сәулетші

Әйгілі сәулетші велосипедшілерге арналған жолдарға да баса назар аударды. Айта кетсек, бұған дейін Алматыда Ян Гейлдің жобасы негізінде бірқатар жұмыстар атқарылып үлгерген. 8 ауданда демалыс орындары ашылды. Тіпті көшелерге жаттығатын құрылғылар орнатылып, веложолдар салынған болатын. 

«Шаһардағы автомобиль саны тым көп. Менің ойымша, оларды азайтып, қоғамдық көліктерді арттыру қажет. Ал мұндай көліктер экологиялық тұрғыдан таза болса, Алматы тартымды бола түседі. Барынша қолайлы және жайлы жағдайға ұмтылуымыз керек», – дейді Ян Гейл

Талқылау