Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дастан Оразбеков: Доллардан бас тартып, тек қана теңгемен жұмыс істеу керек

Доллардың құны тағы да шарықтап, елдің көңілін түсірді. Бұл орайда қазақстандық жұлдыздар аталған жайтқа қатысты пікірін білдіріп, доллардың олардың гонорарына қаншалықты әсер ететінін айтып берді.

Доллардан бас тарту керек: Отандық жұлдыздар валютадағы өзгеріске қатысты не дейді

Бұл туралы НТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Доллардың құны өсіп барады. Енді не істеу керек? Бұл сұрақ қарапайым халықты ғана емес, сахнада жүрген өнер жұлдыздарын да мазалайды. Ендеше шоу-бизнес өкілдері тойда өнер көрсеткені үшін ақшаны қай валютамен алады?

“Бұрын көптеген әртістер гонорарды доллармен есептейтін. Бірақ соңғы жылдары олар теңгемен жұмыс істей бастады. Меніңше, бұл дұрыс. Себебі біз Қазақстанда тұрамыз, халық жалақыны теңгемен алады”, – дейді продюсер Жан Мұқанов.

Дастан Оразбековтің де пікірі осындай.

“Доллардан бас тартып, теңгемен жұмыс істесек, әлдеқайда жеңіл болар еді деп ойлаймын. Біздің де қарапайым адамдардан ерекшелігіміз жоқ. Сондықтан елді қиын жағдайға қалдырмас үшін бағаны төмендетіп, теңгемен жұмыс істей бастадық”, – дейді әнші.

Ал All Davay-лық Данияр тақырға отырып қалмас үшін, ақша сақтау тәсілдерімен бөлісті.

“Ақшаны үш түрлі валютада әрі бірнеше банкте сақтаған дұрыс деп ойлаймын. Теңге, доллар, еуромен… Егер де бірі тақырға отырса, екінші қалатындай”, – дейді ол.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау