Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дастан Оразбеков: Әйелімді момын деп айта алмаймын

Дастан Оразбеков өзгелерден тік мінезімен ерекшеленетін келіншегі туралы айтып берді.

18949802_769495143210096_6790936898111012864_n

Бұл  туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

“Менің жұбайым – өзінің айтқанынан қайтпайтын адамдардың бірі. Оны момын деп айта алмаймын. Яғни өзінің жеке қағидалары, өмірлік көзқарасы және позициялары бар. Екіншіден, оның мінезі тік. Басқа әйелдер секілді айла қолданбайды, бірден тікесінен айтады. Өте ұзақ ренжиді. Кінәлі болсам да, болмасам да, мен кешірім сұраймын. Себебі, әйел адамдар өте жұмсақ келеді. Ал біз ер адамдар әлдеқайда төзімдірекпіз. Сондықтан, кешірім сұрап, олардың көңілін аулағанда тұрған ешнәрсе жоқ. Құдай қаласа, бір аптадан кейін отасқанымызға 10 жыл болады. Ал танысқанымызға 12 жыл”, – дейді Дастан Оразбеков.

Мұнымен қатар, әнші өзге әріптестері секілді некелі жұбайын ешуақытта жасырмағанын айтады. “Мен отбасымның бар екенін ешуақытта жасырған емеспін. Алланың алдында отасқалы бері бүкіл Қазақстанға өзімнің жұбайым бар екенін айтып келемін. Бар болғаны, 5-10 жыл инстаграм болмады”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Әли Оқаповтың үйленгені рас па? (фото)

Баян Мақсатқызы “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” кинокартинасын таспаламақ (видео)

Қазақтың гаухар тасы: Димаш тыңдармандарын тәнті етті (видео)

Димаш сахнада ұшып жүріп ән айтты (видео)

Талқылау