Дарынды бала қай күні дүниеге келеді

Сәрсенбі, 2 Қараша , 2016 13:52

Ғалымдарды толғандырған сауалдардың бірі де бірегейі «дарынды балалар жылдың қай мезгілінде және қай күндері дүниеге көп келеді?» деген сауал. Осы бағытта зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан оқымыстылар күні кеше қызықты деректі жария етті.

30517-6-daryndy_bala_ai_k_n_d__ru

Орталық аэрогидрология институтының ғалымдары әр кезеңдерде өмір сүрген шамамен 750 атақты адамның биографиясын зерттеп, дарындылардың қай күні дүниеге жиі келетіндіктерін жүйелеп берді, деп жазады Айқын газеті.

Зерттеулер көрсеткендей, дарындылардың дүниеге келуіне қолайлы сәт сейсенбінің бірінші жартысы, сәрсенбі мен сенбінің екінші жартысы екен. Мәселен сейсенбінің екінші жартысында Айвазовский, Байрон, Гагарин, Моцарт, Рахманинов, Лев Толстой, Чарли Чаплин секілді талантты адамдар өмірге келген. Сәрсенбі күні түске дейін Бальзак, Куприн, Екатерина II, Петр I, Маяковский, Ницше тағы басқалар дүние есігін ашқан. Сонымен қатар ғалымдардың айтуынша, дарындылар туылатын көп ай  ақпан.

Кейбір сарапшылар мұны күннің белсенділігімен түсіндіреді. Өйткені ол адамның интеллектуальды деңгейіне әсер етеді екен.

Жіберіп алмаңыз:

Адамның болмысы жайлы оның туған күні қандай сыр айтады?

Баланың бойы ұзын болып өсу үшін не істеу керек

Есте сақтау қабілетін жақсарту үшін не істеу керек

Тұмаудан қорғайтын 11 тағамдық өнім

Қызылшаның денсаулыққа қандай пайдасы бар?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
04.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар