Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәріханаға барғанда қаперде жүретін қажетті кеңестер

Дәріханаға барған кезде әмияныңызды тым қатты жұқартып алмас үшін, сіз өз ақшаңызды арзан әрі сапалы өнімдерге жұмсап үйрену керексіз.

apteka

Бұл туралы Өскемен жаңалықтары хабарлайды.

Мәселен, бір ауруға қатысты дәрі бірнеше атаумен сатылуы мүмкін. Дәрелердің рецепті бірдей болғанымен, оларды әртүрлі фармацевтикалық компаниялар жасайды. Өз кезегінде әр компания таблетканың сыртын лимон қабығыме нәрлендіріп немесе дәмді компоненттер қосу арқылы өзіндік ерекше тәсілдерін енгізуге тырысады. Бұл әрине, дәрінің нарықта басқалардан өзгеше көрінуші үшін жасалады.

Әлбетте, алғашқы болып шыққан препарат түпнұсқа болып есептеледі. Ал дәл сол секілді өзге кейін шыққандар көп ретте көшірме болып есептеледі. Түпнұсқалар көшірмеден қымбат тұрады.

Көбінесе көшірме дәрілердің сыртында халықаралық паттентелмеген атауы ғана жазылады.

Көшірме дәріні түпнұсқадан айыра алмау бұл өте қауіпті. Қосалқы дәрілер тек бір рецепт негізінде ғана дайындалады. Аналогтық дәрілер – бірнеше препараттың қосылуы нәтижесінде бір ауруға қарсы күресе алады. Түпнұсқа дәріні басқа дәрмекпен дәрігердің рұқсатынсыз ауыстыра салуға болмайды.

Біздің кестемізде тек көшірме-дәрілер ғана көрсетілген.

 

Талқылау