Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Дәрігерлердің бақылауында: Әке атанған Артур Төлепов ұлын әлі көрмеген

Артур Төлепов тұңғышы жайлы айтып берді. Сөзіне қарағанда, мерзімінен бұрын өмірге келген ұлы мен оның анасы әлі 1 айға жуық емханада жатады. Бала дәрігерлердің бақылауында болуы тиіс.

Дәрігерлердің бақылауында: Әке атанған Артур Төлепов ұлын әлі көрмеген

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Артурдың әке атанғанына бір аптадан асса да, актер атұстарын әлі көрмеген. Себебі ұлы дәрігерлердің қатаң бақылауында. Ал әйелінің босанып қалғанын актер сезбей де қалған.

“Анам екеуміз кетіп барамыз. Бір кезде жұбайым хабарласып: “Мен босандым”, – деді. Құтты болсын, мен онда жаттығуға кеттім дедім”, – дейді Артур.

Артурдың әкесі жаңа туған нәрестеге ханның есімін берген.

“Абылай деп атады. Ержүрек, адал, ашық болып өссін деген ниетпен. Маған мүлдем ұқсамасын деп”, – дейді Артур.

Ал Арман Қоңырбаев өнердегі әріптесіне әкелік міндетті атқару бойынша өз кеңесін берді.

“Ара-тұра көмектесіп, анасын алмастырып тұру керек. Себебі анасының көңілі болмаса, бала да көңілсіз болады”, – дейді Арман.

Ал Төлепов болашақта 4 баланың әкесі болуды армандайды.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр