Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жол апатынан зардап шеккен келіншекке жиналған қаражат ұрланып кете жаздады

Алматыда жол апаты кезінде қос аяғынан  айырылған келіншектің еміне деп жиналған ақшаға бірнеше мәрте шабуыл жасалды. Яғни сұғанақтар  7,5 миллион теңгені үп деп кетуге бірнеше мәрте әрекет жасаған,-деп жазды КТК арнасы.

 

қыз

Екатерина Парафиеваның туыстары мен жақындары үш күннің ішінде барша қазақстандықтардан осынша қаржы жинап үлгерген еді

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккен науқастардың беті бері қарай бастады.

Екі аяғынан айырылған Екатерина Парафиевамен психологтар жұмыс істеп жатыр. Айта кетсек, бірер күн бұрын екі келіншек көліктердің арасына қыстырылып қалған болатын. Ал апатқа әл-Фараби даңғылындағы ашық жатқан люк себеп. Бірақ, әкімдік құдықты сол күні-ақ түк болмағандай жөндеп қойыпты. Десе де қайғылы жағдайға кінәлілерді полицейлер анықтауда.

Жол апатынан мүгедек болып қалған – Екатерина Парафиева. Оның қасындағы Нәйлә Қажыбаева да оңбай зардап шеккен. Қазір екеуі де есін жиыпты. Ал, Екатеринаның аяғын кеспеске амал болмады дейді дәрігерлер.

«Жұмсақ тканьдарды тігуге келмегендіктен, сондай шешім қабылданды. Жансақтау бөлімінде жатыр, орталық клиникалық ауруханада. Толықтай өз есіне келген. Психолог жұмыс істеп жатыр»,-дейді  Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Исабеков.

«Мүгедек болып қалған келіншекке қазір туыстары ел болып ақша жинап жатыр. Жол апатына кінәлілер де жазасыз қалмаса екен дейді жақындары»,- дейді Екатерина Парафиеваның ағасы Евгений Парафиев.

Әділдікке жетпей қоймаймыз. Кінәлілер ем-домның шығынын көтерсін. Бұл оқиғаға бірнеше адамның кінәлі болуы мүмкін. Қазір өзіміз де қаржы жинап жатырмыз. Өйткені, Катяның аяғына тек сапалы протез орнатқымыз келеді

Естеріңізге салсақ, қайғылы оқиға жұма күні Әл-Фараби даңғылында болған.

Салонында 2 қыз болған Honda ашық тұрған люкке түсіп кетіп, дөңгелегі жарылады. Сөйтіп, ол жол жиегіне барып тоқтаған. Осы кезде жолдың келесі шетінде келе жатқан Toyota бұзылған көлікті көріп, тоқтамаққа бел буады.

Бірақ, жылжи берген кезде орта жолақтағы автобуспен соғысып, қатты соққыдан Toyota-ны Honda-ға қарай ұшырып жіберген. Сөйтіп, қос көліктің ортасында қыздар қысылып қалады.

Ал апатқа себеп болған люк қазір орнында жоқ. Сол күні-ақ жөнделген. Тіпті, түк болмағандай, жан-жағын асфальттап қойыпты. Бүгін де әл-Фарабидің бойындағы осындай құдықтар жаппай жөнделіп жатыр.

Бірақ, шенеуніктер жантүршігерлік апатқа себеп болған люкке қатысты ештеңе айтпады. Десе де, кінәлілерді анықтау үшін қылмыстық іс қозғалған.

«Тиісті сараптамалдар тағайындалды. Дәлірек айтатын болсақ, сот- медициналық, автотехникалық және фототехникалық сараптамалар. Бұл сараптамалар негізінде тиісті процессуалды шешім қабылданатын болады»,-дейді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. Ал, оның қорытындысы кемі 20 күннен кейін ғана шықпақ.

Оқи отырыңыз:

Жан Ахмадиев: BALA-ның «Қазақстанда әдемі қыздар жоқ» деп айтқаны рас. Дәлелдей аламын

Мәдина Сәдуақасова 3 жасқа толған ұлына патшаның киімін кигізді (фото, видео)

Ұлдарына еден жуғызған Қыдырәлі Болманов желідегілерді таңғалдырды (видео)

Жан Ахмадиев: Анамның айықпас дертке шалдығуына тек шындықты сүйетін өзімді кінәлаймын

Талқылау