Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер: Ыстықты түсіруге арналған ұнтақтар денсаулыққа зиян болуы мүмкін

Дене қызуын түсіруге арналған ұнтақтар ішкі ағзаға әсер етіп, көптеген аурулардың қозуына себеп болуы мүмкін. Температура дененің қорғаныс жасушалары вирустармен күрескен кезде жоғарылайды. Сондықтан, тұмаудың алғашқы күндері дене қызуын түсіруге болмайды.Бұл дәрілерді қолданғанда иммунитеттің аурумен күресуіге шамасы келмейді.

Бұл туралы Виктория Савицкая ГолосUA тілшісіне мәлімдеді деп, жазады Stan.kz.

«Сарапшылардың пікірінше, температура шамамен 38,5 болғанда ғана, дәрі-дәрмек қолдану керек. Дене қызуын бірден түсіруге болмайды. Жоқ дегенде 37.5-ті сақтап тұру керек. Сонымен қатар осы дәрі-дәрмектерді үйде болған жағдайда ғана қолданған дұрыс. Егер науқас ыстықты түсіретін ұнтақты ішіп сыртқа шығатын болса, ұйықтар алдында жабайы раушан немесе таңқурай тұнбасын ішкені жөн.

«Ешбір жағдайда балаларға ұнтақ тәрізді препараттарды беруге болмайды. Бұл токсинді дәрі-дәрмектің күші өте жоғары және қауіпті. Тіпті ересектерге де мұндай ұнтақты ерітіп ішкен зиян. Ол бүйректің және ұйқы безінің жұмысына кері әсерін тигізеді. Ал баланың ағзасында осы ұнтақтардың салдарынан асқыну тууы мүмкін», – деп ескертеді дәрігер.

Сараптама ауру белгілері байқалғаннан бастап, алғашқы 3 тәулікте температураны төмендетпеуді ұсынады.Науқас төсекте демалып, күш жинау керек. Осы кезеңде бірнеше лимон тілімімен, сондай-ақ жылы жеміс шайы, дәрілік шөптер мен жидектердің тұнбасын мүмкіндігінше көбірек минералды суды ішу ұсынылады.

Жіберіп алмаңыз:

ШҚО мешітінің бас имамы ғаламторда имам мен актрисаның шу болған суретіне қатысты пікір білдірді

Қазақстан СІМ Иранда құлаған ұшақта қазақстандықтардың бар-жоғын анықтап жатыр

Ақтөбе облысында дәрет сындырмақ болған ер адам 2,5 миллион теңгесін ұрлатып алды

Атырауда бауырын өртеніп жатқан үйден алып шыққан 5-сынып оқушысы марапатталды

Талқылау