Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер терезеден секіріп қайтыс болған науқасқа қатысты толық ақпарат берді

Дәл қазір болған жайт бойынша  ҚР ҚК «Өз-өзіне қолжұмсауға жеткізу» бабына сай сот алды тергеу жұмыстары басталып кеткен.

секірді

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары сайты жазды.

Бурабай ауруханасына жеткізілген ақтөбелік мас болған.1957 жылғы азамат  27 маусым күні  ауданаралық ауруханаға келген кезде  асқазаны ауырып, жүрегі айнып, қан құсып жатқанына  шағымданған.

«Науқас дереу тексеруден өткізілді. Оның асқазан жарасы ашылып, қан құсқаны анықталды. Бойында бауыр циррозы болған. Тура сол кезде  ішімдікке мас еді»,-дейді ауруханақызметкері.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар  науқастың жансақтау бөлімінде жатқанын айтады. Оған асқазанындағы қанды тоқтататын екпе жасалған.Қан құйылған. Науқастың мастығы тарқамағандықтан ол ашуланып отырған.

«Оған өзін басатын дәрі егілгенімен көмегі болмады.30 маусым күні түнгі 02:35 уақытында науқас төртінші қабаттан секіріп кеткен»,-деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының қызметкері.

Нәтижесінде азамат бірден қайтыс болған. Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Талқылау