Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер: Спортпен шұғылданатын ерлер әйелдерге ұнамайды және өмірден ерте озады

Әйелдер спортпен үнемі айналысатын, бірақ жасы 50-ден асқан ер азаматтарға қызықпайды. Бір қызығы, осы топтағы ерлерге біршама артық салмағы бар әйелдер ұнайды.

Men_Male_Celebrity_In_process_be_wrung_out_020596_-1024x640

Йель университетінің ғалымдарына сенсек, 50 жастағы спортқа зауқы жоқ азаматтар фитнеске әуес замандастарынан әлдеқайда бақуатты болып келеді.

The Daily Mail ақпаратына орай, ер адамдар үшін жыныстық гормондарының деңгейі табиғи жолмен төмендеуі маңызды екенін зерттеу нәтижелері көрсетіп отыр. Ал үнемі спортпен айналысатын ер адамның белсенділігінен қан құрамында тестестеронның ұдайы азаюы байқалмайды. Бұл оның денсаулығына кері әсерін тигізеді.

Сондай-ақ, 2008 жылы өткізілген зерттеу жұмысында спорттық белсенділігінің арқасында калориясын жойған азаматтар баяулаған метаболизміне ие ерлерге қарағанда 50 пайызға жиірек өмірден озатынын көрсеткен. Дәрігерлердің айтуынша, артық салмағы бар ер азаматтар тестестерон деңгейінің төмендеуі есебінен простата қатерлі ісігі және жүрек талмасы сынды ауруларға сирек шалдығады.

Талқылау