Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер шатасып босанатын әйелін тосып отырған қытайлықтың геморройын алып тастаған

Қытайлық ойламаған жерден ауруханаға барып тік ішігіндегі көтеуін (геморрой) алдырып келген. Азамат негізінде жай ғана босануға кіріп кеткен әйелін дәлізде тосып отырған. Дәрігерлер әбден ота жасап болғаннан кейін барып, науқасты шатастырып алғандарын білген.

 ота

Бұл туралы China News басылымы жазды.

Бұл жайт Ляонин провинциясына қарасты  Шэньян қаласындағы ауруханалардың бірінде болған. 29 жастағы жігіт аурухана дәлізінде 40 минуттай отырып, ота арқылы босанып жатқан әйелін күткен. Дәрігерден хабар тосып отырған жігітті  ақхалаттылардың бірі көрші есікке шақырады. Дәрігер ештеңе түсіндірместен жігітке тез арада шешінуді бұйырған.

«Жігіттің «не үшін» деген сұрағына  хирург «айтқанды істе» деп қысқа жауап берген. Жігіт дәрігермен сөз таластырмайын деп, шешініп өзіне көрсеткен кереуетке жата кеткен. Ол босанып жатқан әйеліне өзінен көмек керек деп ойлаған. «Жәбірленуші» ота жасалынып жатқан кезде көрші бөлмеде дүниеге келген баласының даусын естіген.

Жігіт әбден ота жасалып біткеннен кейін барып, дәрігерден болған жайтты түсіндіруді талап еткен.

Аурухана әкімшілігі жігітті басқа науқаспен шатастырып алғандарын мойындаған. Кеткен қателік үшін оған 750 доллар көлемінде өтемақы төлеуге уәде берген. Дәрігерлер шатасқанымен жігітте көтеудің (геморройдың) болғанын айтады.

Аурухана заңгері кеткен қателікте жігіттің де айыбы барын айтқан. Себебін кәмелет жасына толған азамат өз қадамы мен іс-әрекетіне жауап беруі керек екендігімен түсіндірген.

Ойламаған жерден ота жасатқан жігіт баласы мен әйелінің амандығына риза. Тек өзіне күтім керек болғандықтан оларға өзі ойлағандай қамқорлық көрсете алмай жатқанына көңілі түседі екен.

Талқылау