Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер шарананы ана құрсағынан шығарып алып ота жасап, жатырына қайта салған (фото)

Бойжеткен кезде Линли Бомер жылына екі рет туған күнін атап өтетін болады. Өйткені ол – өмірге екі рет келген бала. Ана құрсағында жатқан кезінде дәрігерлер шұғыл отау жасау үшін оны шығарып, қайта салып қойған. Ал арада 12 апта өткеннен кейін нәресте өз уақытында дүниеге келді, деп хабарлады Daily Mail.

39A228AA00000578-0-image-a-10_1477255626681

Техас тұрғыны Маргарет Бомер жүктілігінің 16-шы аптасында УДЗ-дан өтіп, құрсақтағы сәбиінің құйымшағында ісік бар екенін анықтаған. Баланы аман алп қалудың жалғыз жолы – оны ана құрсағынан 20 минутқа шығарып алып, ота жасау болды. Нәрестенің өмір сүріп кету мүмкіндігі 50/50 пайызды құраған.

ууу

 

Операция сәтті аяқталғаннан кейін Маргаретті қайта ауруханаға жатқызған. Онда құрсақтағы Линли 12 апта бойы өсіп-жетіліп, толыққанды 36 аптаға толған сәтінде дүниеге келген.  Линли Хоуп Бомер екінші рет кесарев тілігі арқылы жарық дүние есігін ашты. Нәрестенің туған кездегі салмағы – 2400 грамды құраған.

39A228CE00000578-0-image-a-8_1477255603434

Тексеріс нәтижелерін білген кезде абдырап қалған Маргарет сәбиінен айырылып қалатынын болжаған.

39A228E000000578-0-image-a-7_1477255585801

Техастағы балалар эмбрионалды орталығы басшыларының бірі, дәрігер Даррелл Касстың сөзінше, тератома — жаңадан туылған нәрестелерде ең иі кездесетін ісік түрі. Оның пайда болуы мен асқынуының себебі әлі анықталмаған. Бір анығы – бұл ісік ер балалардан қарағанда қыз балаларда төрт есе жиі ұшырасады.

Кей кездері дәрігерлер отаны жасау үшін баланың дүниеге келер сәтін күтеді. Алайда Линлидің жағдайында оған мүмкіндік болмаған. Себебі ісік сәбидің қанайналымын тежеген.

рн

 

«Кей кездері ісік жеңіске жетіп, жүрек әрі қарай жұмысын тоқтатады, сөйтіп құрсақтағы сәби өледі», – деп түсіндірді дәрігер.

Уақыт өткен сайын сәбидің жұлынындағы ісітің көлемі ұлғая түскен. Дәрігерлер ананың құрсағын ашудан басқа амалдың қалмағанын айтты. Әрине, жүктілікті орта жолдан тоқтатуға болар еді. Алайда оған ана жүрегі шыдар ма? Бұған дейін Маргарет онсыз да егіздерге жүкті болып, сәбилердің бірі орта кезеңде шетінеп кеткен.

39A2289C00000578-0-image-a-11_1477255635195

«Линлидің өмір сүруге мүмкіндігі өте аз болды. 23-ші аптада ісік оның жүрегінің жүйелі жұмыс істеуіне кедергі келтірді. Сондықтан біздің алдымызда екі таңдау тұрды: оның өмірін сақтап қалуға тырысу немесе ісіктің оны өлтіруіне жол беру. Біз ойланбастан алғашқысын таңдадық», – дейді қыздың анасы.

Маргарет өз шешімін айтқан кезде Линли 24 апталық болатын. Ол кезде ісіктің көлемі сәбидің өзімен бірдей болған. Ота бес сағатқа жалғасты. Дәрігер Касстың сөзінше, отаның сәбиге қатысты бөлімі небәрі 20 минутқа созылады. Қалған уақыт ана жатырын ашуға кетеді. Хирургтар шаранаға қол жеткізген соң, оны көтеріп ұстап тұрған.

39A2287400000578-0-image-a-6_1477255567688

«Негізінде құрсақтағы сәбиді сыртқа шығарса, шарана сұйықтығының бәрі төгіледі екен, шынында да қызықты көрініс», – деп атап өтті дәрігер.

Операция барысында Линлидің жүрегі өте баяу соққан. Хирургтар өз істерін тындырғанша, шарана өзге маманның қарауында болыпты. Дәрігерлер жасарын жасап болғаннан кейін шарананы қайта жатырға орналастырып, мейлінше қалың етіп тігуге тырысқан.

39A2288400000578-3865188-image-a-22_1477256338907

«Бұл бір ғажап нәрсе болды. Әйелдің жатырын ашып, оны қайта тігесің, ал ол өз қызметін әрі қарай да ойдағыдай атқарады», – дейді дәрігер Касс.

Туылғанына 8 күн толған кезде Линли дәрігерлердің алдына тағы да түсті. Хирургтар алғашқыда алынбай қалған ісіктің қалдықтарын шығарып алған. Арада бірнеше апта өткеннен кейін Маргаретке Линлиді үйге алып кетуіне рұқсат берілді.

«Расында да бұл оның екінші рет дүниеге келуі еді. Оған өмір сыйлау үшін кез келген тәуекелге баруға дайын едім», – дейді бақытты ана.

39A2288800000578-0-image-a-9_1477255615908

Жіберіп алмаңыз: 

Үндістандық азамат Гиннестің рекордтар кітабына ену үшін қауіпті трюктер жасайды (фото)

Салмағы 500 кг-ға жеткен әйел президенттен көмек сұрады (фото)

Жүздеген адам анасы тастап кеткен қыздың жерлеу рәсіміне келді (фото)

Күніне бір қорап шылым шегетін шимпанзе ғаламторды шулатты (фото, видео)

Талқылау