Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Дәрігерлер небәрі 268 грамм болып туған нәрестені аман алып қалды

Апта басында Токияның Кейо университетінде шала туған баланы үйіне шығарды. Салмағы 268 грамм болып туған шақалақ әлем медицинасындағы ең аз салмақты бала.

Дәрігерлер небәрі 268 грамм болып туған нәрестені аман алып қалды

Сәби 24 апталығында кесарь тілігі арқылы өмірге келді. Оның салмағы небәрі 268 грамм болды. 

Шығару кезінде сәби 3238 грамм болды. Дәрігерлер оның толықтай сауыққанын айтты. 

Ең аз салмақты бала 2015 жылы Германияда өмірге келген. Оның салмағы 252 грамм еді. 

Дәрігерлер небәрі 268 грамм болып туған нәрестені аман алып қалды

Tiniest Babies Registry мәліметі бойынша, әлем бойынша 300 граммнан аз салмақта шала туған балалардың тек 23-і ғана тірі қалған. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр