Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер науқастың ішінен 25 жыл бойы жүрген пинцетті алып шықты

Медицина ғылымдарының докторы, «Иннова» медициналық орталығының  онкохирург-дәрігері Ираклий Тодуа  науқас әйелдің ішінен 25 жыл бұрын басқа хирург қалдырған пинцетті алып шықты.

«Дәрігерлерге  қаралған әйел мүлдем басқа ауруға байланысты ем іздеп келген. Денедегі бөгде затты, яғни пинцетті біз ойда жоқта томография арқылы байқап қалдық», – дейді Тодуа.

Клиникаға қаралған әйел 25 жыл бұрын өт қабына ота жасатқан екен. Хирург салғырттығынан медицина құралы науқастың ішінде қалған. «Ол өзінің ішінде пинцет жүргенін 25 жыл бойы байқамаған. Бөгде затты денесінен алып тастадық, қазір өзін жақсы сезінеді», – деді дәрігер.

Тағы оқыңыз:

Ресейде қызғаншақ күйеуі әйелінің қолын шауып тастады

Америкалық әйел бір мезетте 6 баланы дүниеге әкелді (видео)

Хирург науқасқа айтпай бауырына қолтаңбасын қойған (фото)

Талқылау