Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер миы сыртына шығып туылған сәбидің 20 минут өмір сүретінін айтқанымен, қазір ол 1,5 жасқа толған

Карли Толанд дүниеге келгенде, оның миының бір бөлігі сыртына шығып туылған. Сәбидің дамуындағы мұндай ақау  энцефалоцеле деп аталады, сондай-ақ, бұл ақаумен туылған балалар бірден шетінеп кетеді екен. Сондықтан дәрігерлер сәбидің 20 минуттан аса өмір сүрмейтінін айтыпты.

Дәрігерлер миы сыртына шығып туылған сәбидің 20 минут өмір сүретінін айтқанымен, қазір ол 1,5 жасқа толған (фото)

Бұл туралы The Sun басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Алайда қазір Карли бір жарым жасқа келген. Ол мұндай ақаумен өмір сүріп жатқан жалғыз бала саналады. Оның анасы 24 жастағы Джемма Маккускер жүкті болған кезде, дәрігерлер сәбидің аяқ-қолсыз, көзсіз және мұрны маңдайына бітіп туылуы мүмкін екенін айтқан. Алайда сәбидің ата-анасы дәрігерлердің қорқынышты болжамына қарамастан, берілмеуді ұйғарған.

дәрігерлер сәбидің аяқ-қолсыз, көзсіз және мұрны маңдайына бітіп туылуы мүмкін екенін айтқан

«Перзентханадан шыққаннан кейін, қызымның бас сүйегінен шыққан ми сұйығын сүрту үшін, зарарсыздандырылған су мен мақта дөңгелектерін қолдандым. Бізге Карлидің біраз күннен кейін шетінеп кететінін айтты. Алайда ол қазір күліп-ойнап жүр», – дейді анасы Джемма Маккускер.

дәрігерлер сәбидің аяқ-қолсыз, көзсіз және мұрны маңдайына бітіп туылуы мүмкін екенін айтқан

Джемманың сөзінше, сәбиінің дүниеге келгеніне 4 апта болғанға дейін оларға ешкім медициналық көмек көрсетпеген. Мұнан кейін әйел Белфастағы науқас балаларға арналған Корольдік ауруханаға барыпты. Ондағы дәрігерлер қыздың бас сүйегінің маңдай тұсындағы тінді қалпына келтіру бойынша ота жасауды ұсынған.

дәрігерлер сәбидің аяқ-қолсыз, көзсіз және мұрны маңдайына бітіп туылуы мүмкін екенін айтқан

«Біз бұл керемет жағдайға және қызымыздың өзге балалармен бірдей дамып жатқанына сене алмадық. Оның дамуындағы жалғыз қиындық жүру болып тұр. Алайда ол менің қолымнан ұстап тұра алады», – дейді Джемма Маккускер.

дәрігерлер сәбидің аяқ-қолсыз, көзсіз және мұрны маңдайына бітіп туылуы мүмкін екенін айтқан

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау