Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер Маңғыстаудағы кен орнында шыққан өрттен зардап шеккендердің қазіргі жағдайы туралы айтып берді

Дәрігерлер Маңғыстаудағы кен орнында шыққан өрттен зардап шеккендердің жағдайын тұрақты ауыр деп бағалауда.

Дәрігерлер Маңғыстаудағы кен орнында шыққан өрттен зардап шеккендердің қазіргі жағдайы туралы айтып берді

Сурет: segodnya.ua

Бұл туралы Lada.kz-ке сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Маңғыстау облыстық аурухананың травмотология және ортопедия бөлімінің меңгерушісі Есет Шахатбаев айтуынша, олар Астанадағы күйік орталығынан келетін мамандарды күтуде.

Өрттен зардап шеккен екі адам травмотология және ортопедия бөліміне жатқызылған. Тағы бір адам жан сақтау бөлімінде жатыр.

Зардап шегушілердің жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда.

Естеріңізге сала кетсек, 19 мамырда “Комсомольское” ЖШС аумағында өрт болған. Жөндеу жұмыстары кезінде 40 шаршы метр аумақта жалын тұтанған. Өрт 00.23 минутта өшірілді.

“Оқыс оқиға салдарынан 1986 жылы туған жұмысшы қаза болды. 1973 жылғы екі азамат пен 1980 жылғы азамат ауруханаға жеткізілді”, – деп хабарлады төтеншеліктер.

Аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілген зардап шегушінің денесінің 60 пайызға жуығын күйік шалған.

Оқи отырыңыз:

Алматыда 5 жасар бала менингиттен қайтыс болды

Асқазан жарасын емдейді: Қазақстандық дәрігер Оразаның пайдасы жайлы

Маңғыстау облысында 8 жасар баланы ұрлап кеткен күдікті қолға түсті

Талқылау