Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер: қыздардың жалаңаш жүруі еркектерді қатерлі ісік аурына шалдықтырады

Қазіргі таңда қыз-келіншектердің ашық-шашық киінуі күн сайын көз көріп жүрген қалыпты жағдайға айналды. Ал сол жалаңаштанудың айналасындағыларға аса қауіпті екенін білеміз бе?

HD.at.ua-1680-1050-1-58

Фото: hd.at.ua

Асыл сөз порталының хабарлауынша, «Әйелдердің «барын» көрсетіп жүруі – ер адамдардың құмарлығын оятып, «жыныстық стресс» туындатады, соның әсерінен ауыр ішкі органдық «жыныстық кері қайту» комплексі іске қосылады, ал ол – импотенция мен қатерлі ісік ауруларына әкеліп соғады», – дейді дәрігерлер.

Қазіргі таңда аденома мен простата ісігіне шалдыққан ерлердің саны күн сайын артуда (әлем бойынша ер адамдардың 40 %-ы осы ауруға шалдыққан). Бұл әсіресе, шешіну «сәнге» айналған Еуропа елдерінде кең тараған (біздің еліміз де шет қалмайды).

Ойы бұзылған еркектің құмарлығы қанағаттанбағандықтан, ағзасы ішкі канцерогендік, қиратушы шабуылға тап болып, онкологиялық ауруларға ұшырап тынады. Ақырында, 40 жасқа жетпей жатып ұрпақ сүю қабілетінен айырылады.

Осылайша, көшеге жалаңаштанып шыққан қыз-келіншектер өз денсаулықтарын құртумен қатар, ер адамдардың денсаулығына да зиян келтіруде. Дәл осылай жалғаса берсе, ұрпақ сүюден қалған кез келген елдің түп-тамырымен жойылатыны анық.

Ал дінімізде әйелдің ашық-шашық киінуіне тыйым салынған. Оларға (харамға) қараған ер адамдар да үлкен күнәға бататыны айқын нәрсе.

Талқылау