Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер Қостанайда көшеден табылған сәбидің жағдайы туралы айтты

Қостанай облысы Рудный қаласында жанармай құю бекетінің маңынан табылған сәби қалалық перинаталдық орталықта жатыр. Дәрігерлер оның жағдайы қалыпты деп бағалап отыр.

Дәрігерлер Қостанайда көшеден табылған сәбидің жағдайы туралы айтты

Бұл туралы Bnews.kz-ке сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Сәбидің табылғаны туралы «103» пультіне қоңырау түнгі сағат 22:25-те түскен. Дәрігерлер оқиға орнына 8 минутта жетіпті.

«Дәрігерлер келгенде жаңа туған қыз баланы көрді. Кіндігі дәкемен байланып, бриллиант жасылы жағылған», – дейді Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының қоғаммен байланыс бөлімінің менеджері Ксения Жылқыбаева.

Рудныйдағы перинаталдық орталық қызметкерлерінің айтуынша, баланың үстінде киімі болған. Ол емеді. Орталыққа жеткізілген кездегі жағдайы қанағаттанарлық және тұрақты. Сәби жақында туылған. Дәрігерлер шақалаққа туылғаннан кейінгі пневмония диагнозын қойып отыр.

ІІД мәлімдеуінші, аталған оқиғаға қатысты «Қауіпті жағдайда қалдыру» бабы бойынша сотқа дейінгі тегеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта күдіктінің тұлғасы анықталған. Мән-жайы анықталып жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, Қостанай облысында көшеден жаңа туған нәресте табылған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау