Дәрігерлер: Қол алысқанда қолын қатты қысатын ер адамдардың үйленуге мүмкіндігі көп

АҚШ-та Колумбия университетінің дәрігерлері қол алысқанда қолын қатты қысатын ер адамдардың үйленуге мүмкіндігі көп деген тұжырым жасады.

Дәрігерлер: Қол алысқанда қолын қатты қысатын ер адамдардың үйленуге мүмкіндігі көп

Бұл туралы  SSM-Population Health журналына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Зерттеуге 1923-1948 жылдар арылығында дүниеге келген 5 мың адам қатысқан. Зерттеушілер динамометрдің көмегімен қатысушылардың қол қысу күшін тексеріпті. Мұнан кейін ғалымдар қатысушылардың отбасылық өмірі туралы мәліметтерді зерттеді.

Анықталғандай, қол қысқанда әлсіздік танытқан ер адамдар қолын қатты қысатындарға қарағанда сирек отбасын құрған.

«Біздің көрсеткіштерімізден байқалғандай, әйелдер өздерінің мықты әрі сау екенін көрсете білетін ер адамдарды таңдайды», – дейді зерттеу авторы, профессор Вегард Скирбекк.

Айта кетсек, бұған дейін Манчестер университетінің зерттеушілері қол алысқан кезде қолын қатты қысатын адамдардың ақыл-ой, есте сақтау қабілетімен ерекшеленетінін анықтаған еді.

Оқи отырыңыз:

Әлемдегі ең кәрі өрмекші 43 жасында өлді

Ғалымдар: Шоколад көру қабілетін жақсартады

Тамаққа түкіріп қайыршыға берген жігіт елдің ызасын келтірді (видео)

4 жасар қыздың шешпей тағып жүрген резинасы қолына бітіп өсіп кеткен

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар