Дәрігерлер қатерлі ісік диагнозын қойған ер адам 4 рет дертті жеңіп шықты

Ракпен ауыратыныңды білу – өте қорқынышты. Күн сайын бұл дерттен адамдар қайтыс болып жатқанда тіптен қиын. Бірақ өмірі үшін үнемі күресіп жүрген адамдар бар. Олардың арасында Майкл Мойлзды атауға болады. Ол дәрігерлердің болжамына қарамастан 20 жыл бойы қорқынышты диагнозбен өмір сүріп келеді.

Майкл АҚШ әуе күштерінің офицері болған кезде 27 жаста болатын және Сент-Луисте баскетбол ойнаған. Чемпион атағын қорғау кезінде ол басқа ойыншымен соқтығысып, 30 минуттан кейін сана сезімін жоғалтты. Томографияда ешқандай ауыр жарақат алмағанын көрсеткен, бірақ алдын-алу шарасы ретінде ол МРТ жасатты. Дәрігерлер Майклдан мидың қатерлі ісігін анықтады.

Осыдан соң Мойл өзінің сүйіктісі Ангиге ұсыныс жасады. Бойжеткен сау, жас, әрі перспективалы әуе күштерінің офицерінің ұсынысын қабылдап, ол қатерлі ісікпен ауыратын науқаспен некелесті. Науқасқа алты жылдан сегіз жылға дейін өмір сүруі мүмкін деген болжам айтылды.

Үйленген соң бір жыл өткенде Майкл алғашқы операция жасатты. Нейрохирургтар басының оң жақ бөлігінен 2.8 сантиметрлі ісікті алып тастады. Мидың бұл бөлігі есте сақтау, ойлау және сөйлеуге жауапты. Бірақ алты айдан кейін бөлік қызметі қалпына келіп, ешқандай өзгерістерге ұшыраған жоқ. Содан кейін 4 жыл өткенде сараптама көрсеткішінен ісіктің қайта басталғаны белгілі болды.

«Ісік үлкен, жылдам өсті. Бұл жолы біз оны бір жыл бойы көре алмадық», – дейді науқас.

Ол химиотерапия курсына тағайындалды.

«Бұл сөз тіпті ең тәжірибелі науқастың жүрегінде де қорқыныш туғызады, мен де солардың қатарындамын», – дейді ол.

Осылайша, химиотерапия айлап жүрді. Майкл соған қарамастан күнделікті жүгіріп, жаттыға берді. Бұл аралықта олардың қызы өмірге келді. Майкл операцияға келісуден басқа таңдау жасамады.

Жалпы алғанда, ол мидағы төрт операцияны, оның бөлігін алып тастағаннан кейін бас сүйегінің қайта қалпына келуін, 42 радиациялық терапияны және химиотерапияның 29 курсын өткізді. 2016 жылы қатерлі ісік бесінші рет пайда болды, соңғысында 99,8%-ға көз жұму мүмкіндігін көрсетті. Mайкл рак клеткаларының таралуына жол бермейтін өте күрделі процедурадан өтті. Дәрігерлер ол он ай өмір сүреді деген болам айтты. Бірақ ол әлі тірі. Алты жылдан сегіз жылға дейін өмір сүреді деген болжам айтылғалы бері 20 жылдан астам уақыт өтті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр