Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер қателесіп, әйелдің екі бүйрегін де алып тастаған

73 жастағы америкалық Колорадо штатының тұрғыны Линда Вуллидің екі бүйрегінде дәрігерлер қателесіп алып тастаған, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Дәрігерлер қателесіп, әйелдің екі бүйрегін де алып тастаған

Бұл туралы Fox 31 телеканалы хабарлады.

Осы жылдың наурыз айынжа дәрігерлер 73 жастағы науқастың бүйрегінде қатерлі ісік бар деген болжам айтып, артынша мамыр айында екі бүйрегінде алып тастаған. Алайда наурыз айында жасалған биопсия нәтижесіне сәйкес ісік қатерлі болмай шыққан. Осылайша еш бүйрегінен қатерлі дерт белгілерін таппаған.

Енді Вуллиге кем дегенде бір бүйректі ота арқылы қайта салдыруы керек. Ал трансплантация күту жеті жыл уақытты алады екен. Науқастың айтуынша, дәрігерлер оған бүйрек салып беруге тиіс. «Амалың жоқтан ауруханаға түсесің, әрі дәрігерлер сенің қауіпсіздігіңе жауап береді деп ойлайсың», -дейді Вулли.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау