Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер Есентаеваның тәуір болып келе жатқанын айтты

Баян Есентаеваның денсаулық жағдайы туралы емдеуші дәрігерлері айтып берді. Мамандардың сөзіне сенсек, продюсердің беті бері қарай бастаған.

image

Фото: yvision.kz

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

“Ол қазір орташа ауыр халде. Баян тәуір болып келеді. Оны емдеу үшін қажеттінің бәрін жасап жатырмыз. Денсаулық жағдайы бақылауда. Бүгінгі күні жағымды өзгеріс байқалып отыр”, – деді Талғар аудандық орталық аурухана директорының орынбасары Ербол Сәрсенбаев.

Сондай-ақ ол аураханада жатқан продюсердің суретінің таралуына байланысты барлық қызметкерлердің ұялы телефондары тексерілгенін айтты. Артынша қызметкерлер аталған жағдай бойынша түсініктеме жазған.

Естеріңізге сала кетейік, 10 маусымда соққыға жығылып, пышақ жарақатын алған Баян Есентаева Талғар аудандық ауруханасының жан сақтау бөліміне түскен болатын. Продюсердің өміріне қастандық ойлады деген күдікпен оның күйеуі Бақытбек Есентаев ұсталды. Сот оған екі айға қамауға алу жөніне шешім шығарды. Бірер күн бұрын белгісіз біреу соққыға жығылған Есентаеваның суретін әлеуметтік желіде жариялап жіберді. Қазір ауруханада қызметтік тексеру жүріп жатыр.


Жіберіп алмаңыздар:

Есентаев әйелін опасыздық жасағаны үшін пышақтаған болуы мүмкін

Баян Есентаеваның күйеуі кінәсін мойындады

Баянды өлтіруге бекінген күйеуінен қызы арашалап қалған

Әріптестері халықтан Есентаеваның палатадағы суретін еш жерде жарияламауды сұрады

Талқылау