Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еліміз бойынша тұмау асқынып барады

Дәрігерлер тұрғындарға аса сақ болуды ескертеді. Өйткені, еліміз бойынша тұмау асқынып барады. Солтүстікте әсіресе, “Гонгонг” деп аталып кеткен қауіпті вирус белең ала бастаған. Бір ғана өңірдің өзінде жұқпалы дертке жыл басынан бері жүзден астам адам шалдыққан.

9445c4394c7dc4d253243fa5f51819b6

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Мамандардың дабыл қағатындайы бар. Себебі, дер кезінде дәрігерге қаралмаса, науқас өліп кетуі де мүмкін екен. Ұзаққа созылатын бұл дерттің алғашқы белгісі қандай? Дәрігерлер нендей кеңес береді?

Ел арасында гонконг тұмауы атанып кеткен H3N2 тұмауының өршіп тұрғанын естіген Маралбек Шұғайыпов өзін жайсыз сезіне бастағаннан-ақ ауруханаға барған. Суық тидіргеніме бір күн болса да, бірден басым ауырып, дене қызуым көтерілді дейді.

Петропавлда күніне жүздеген адам тұмаудың белгілерімен дәрігерге көрінеді. Үш айда өткір респираторлық індетті жұқтырған 16 мыңға жуық адам тіркеліпті. Тек соңғы аптада 52 адам тұмау жұқтырған. Ең қорқыныштысы, Гонконг тұмауы аталып кеткен H3N2 тұмауының вирусы қауіпті болып тұрғаны мамандарды алаңдатып отыр.

“Желтоқсан айының соңынан бері тұмаумен ауырғандардың саны 105 адам. Олардың 99-ы -H3N2 тұмауын жұқтырған. 39-40 градусқа дейін қызуы көтеріледі. Басы ауыра береді. Асқынып кетсе, пневманияға әкеп соғуы мүмкін”, – дейді СҚО тұтынушылар құқығынқорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Юрий Пузиков.

Гонконг тұмауының белгілері:
Бас ауырады
Денеқызу көтеріледі
Адам дірілдеп, қалтырайбастайды
Арқа мен бел ауырады
Қолмен аяқ сүйектері сырқырайды
Мұрынмен тамақ бітеледі
Көз жасаурайды

Дәрігерлер Гонконг тұмауының атауы алғаш таралу жеріне байланысты дейді. Әдеттегі тұмау мен Гонконг тұмауының таралуында аса айырмашылық жоқ. Ауа арқылы да, қарым-қатынас арқылы да жұқтыру қиын емес. Ал Гонконг тұмауының дендеуі күн райының жиі ауысуы мен иммунитеттің әлсіреуінен екен.

“Тұмау ауа арқылы ғана тарамайды. Қол арқылы да жұқтыруға болады. Яғни, вирусты барлық ашық дене мүшелері арқылы жұқтырып алуға болады. Сондықтан қолды сабынмен жиі жуып, 2-3 күнде бір жуынып тұрған абзал. Оксалин майын жағып, жеміс-жидектерді жиі пайдаланып, үйдің ауасын тазартып тұру қажет”, – дейді № 2 қалалық аурухананыңжұқпалы аурулар дәрігері галина Лукашевич.

Ал тұмауды жұқтырғандардың саны былтырғы жылмен салыстырғанда бір жарым есеге артқан. Ал Гонконг тұмауы биыл өңірде алғаш тіркеліп отыр екен. Ал, бұған дейін облыста бір адамның суық тиіп қайтыс болғаны айтылған еді.

Оқи отырыңыз:

Павлодарда босану мерзімі жақын қалған әйел өкпенің қатерлі ісігінен көз жұмды

Жамбыл облысының тұрғыны дәрігер салған екпеден соң белінен төмен сал болып қалғанын айтты

Жемжемілдің көптеген емдік қасиеттерін білесіз бе?

Ғалымдар сәбилердің 5 айлығында ана тілін мәңгілік жадында сақтай алатынын анықтады

Талқылау