Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер елімізде белсіздік дертіне шалдыққан еркектер көбейгенін айтып дабыл қақты

Отандық дәрігерлер елімізде белсіздік дертіне шалдыққан ерлердің көбейіп бара жатқанын айтып дабыл қағуда. Олардың сөзінше, әрбір бесінші ерлі-зайыпты сәби сүйе алмай отыр, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Дәрігерлер елімізде белсіздік дертіне шалдыққан еркектер көбейгенін айтып дабыл қақты

Бұрын жүкті әйелдердің жасанды түсік жасатуының бедеулікке алып келетіні жиі айтылатын еді. Ендігі мұндай кінәрат еркектерден табылуда.

«Қазақстанда бедеулік жағынан қарасақ 15%-дан  асып бара жатыр, бұл енді күрделі демографиялық жағдай. Қай мемлекетті қарасақ та оның халқы өсуі үшін ол 15%-дан  төмен болмауы керек.  Қазіргі кезде бедеуліктің 40%-ы еркекте», – дейді уролог Марат Мақажанов.

Мамандардың сөзінше, бұрын белсіздік дертіне 45-50 жас шамасындағы ерлер шалдықса, бүгінгі таңда 24-30 жас аралығындағы жігіттердің арасында кездесуде. Оған дұрыс тамақтанбау, алкогольді ішімдіктерді жиі ішу және дәрігерге қаралмау себеп болатын көрінеді.

Өз кезегінде уролог дәрігерлер аталған дертке көз жұма қарамауға шақырды. Олардың айтуынша, кемінде жылына бір рет тексеріліп тұру керек.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау