Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер екі жасар қыздың асқазанынан 5 сантиметрлік шеге алып шықты

Мәскеуде 2 жасар қыздың анасы оның белгісіз затты жұтып қойғанын көріп, бірден ауруханаға алып барған. Дәрігерлер бүлдіршінді рентгенге түсіріп, асқазанында бөгде зат барын анықтапты.

Дәрігерлер екі жасар қыздың асқазанынан 5 сантиметрлік шеге алып шықты

Бұл туралы «РИА Новости» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Бүлдіршін тұратын пәтерде жөндеу жұмыстары жүріп жатқан. Сондықтан анасы қызының белгісіз затты аузына салып, жұтып қойғанын көргенде, ойланбастан дәрігерлердің көмегіне жүгініпті.

Дәрігерлер қыздың асқазанында бөгде зат барын анықтаған. Нәтижесінде медицина қызметкерлері қыздың денесін тіліп, кеспестен, оның асқазанынан 5 сантиметрлік шегені алып шықты.

Дәрігерлердің сөзінше, жағымсыз жағдайларға тап болмас үшін, баланың шағымдарына мұқият назар аудару керек.

Мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар, әдетте, бөгде затты жұтып қойғанда қатты қорқады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау