Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер денсаулықты жақсартып, салмақ тастау үшін ыстық ванна қабылдауға кеңес береді

Ыстық ваннаны 1 сағат қабылдау арқылы орта есеппен 126 калория жұмсауға болады, деп хабарлайды The Daily Mail.

2538928_54912-700x700

Адам мұндай күшті 25-30 минут жаяу жүргенде жұмсайды. Дәрігер Стив Фолкнер осындай мәлімдеме жасады. Арықтағысы келетіндер үшін бұл таптырмайтын кеңес болып отыр. Дәрігер диабетті бақылауда ұстау үшін осы кеңеті ұсынады.

Дәрігер зерттеу жүргізіп, ванна қабылдау мен залда жаттығудың әсерін салыстыра отырып қорытынды шығарды. Оның зерттеуіне 10 адам қатысты. Олар 40 градус ыстық ванна қабылдап, келесі күні залда жаттықты. Жаттығу әсерінен адам денесінің қызуы Цельсия көрсеткіші бойынша 1 градусқа жеткен.

Сонымен қатар ғалымдар қатысушылардың қан құрамындағы қантын тексеріп көрген. Ванна қабылдаған соң олардың қанты 10 пайызға түскен. Және ваннадан соң адамның 80 пайыз энергиясы жойылған.

Жіберіп алмаңыз:

Салқын душ пен ыстық душтың 9 айырмашылығы

Мәскеуде ваннада телефонмен сөйлесіп жатқан оқушы қайтыс болды

Ресей туристері Швейцарияның қымбат қонақ үйінде саңырауқұлақтар тұздаған

Талқылау