Дәрігерлер Денис Тенді неліктен аман алып қала алмағандарын түсіндірді

Дәрігерлер пышақ жарақатын алған Денис Тенді не себепті аман алып қала алмағандарын айтып берді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұл туралы Алматы Орталық клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Ержан Құттығожин айтты.

Спортшы ауруханаға жеткізілгенде клиникалық өлімде болған.

«Денис Тен аурухана жеткізілгенде клиникалық өлімде болды. Жедел жәрдем көлігінде жүрек пен өкпеге реанимациялық әрекеттер жүргізілді. Реанимациялық шаралар ауруханада да 2,5 сағат жалғасты. Пациент толығымен отаға дайын болды. Бірақ, ес-түссіз жатқандықтан, клиникалық өлімде болғандықтан, отаға дейін жеткен жоқ. Өкінішке орай, ол 17:30-да қайтыс болды», – деді Ержан Құттығожин.

Айта кетейік, 19 шілде күні Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді белгісіз біреулер пышақтап кетті. Спортшыны кімнің жарақаттағаны анықталды.

Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Денис Теннің жағдайына қатысты пікір білдірген еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар