Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биылғы қыста павлодарлықтарға доңыз тұмауынан қауіп төнуі мүмкін

 Павлодарлық санитарлық дәрігерлер 2009 жылы «доңыз тұмауы» атауымен әлемге танылған H1N1 вирусы таралуы мүмкін деген жорамал жасауда, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

222

Облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мәліметінше, өңірде тұмау мен өткір вирусты инфекциялық жұқпасы қаңтар айының басында басталады. Вирустың шарықтайтын шегі – қаңтар айының соңы мен ақпан айының басы екен.

– Биылғы маусымда «В» тобындағы вирустың қосылуымен «А» тобындағы (H1N1 және H3N2 сияқты) вирусты тұмаудың айналымы болжанады. Тұрғындар арасында екпе салу ауру мен өлім көрсеткішін төмендетудің тиімді тәсілі болып табылады, – деп жазған ведомствоның ресми баспасөзі.

Негізі«А» тобындағы тұмау өте қауіпті . «Доңыз тұмауы» деп аталатын H1N1 вирусынан асқынудың салдарынан синусит және пневмония аурулары туындайды. 2009 жылы әлемнің 140-тан астам елінде A/H1N1 тұмау жұқпасының 255 мың оқиғасы және 2627 өлім тіркелген.

Павлодарлықтардың арасында екпе салу науқаны биылғы маусымда қазан айында басталды. Облыс тұрғындарының 6,7 пайызы егілген. Биылғы жылы  облыстық бюджеттен тұмауға қарсы вакцина салуға 30 млн 61 мың теңге бөлініп, 40750 дана «Инфлювак» препарат сатып алынған. Осылайша, тегін екпемен халықтың 5,4 пайызы қамтамасыз етілді. Жұмыс берушілердің есебінен 10 мыңнан астам адам екпе алған. Бұл тұрғындардың 1,3 пайызын құрайды.

Талқылау