Дәрігерлер Баян Есентаеваның жағдайы әлі ауыр екенін айтты

Жексенбі, 12 Маусым , 2016 13:25

Баян Есентаеваның жағдайы әлі ауыр болуына байланысты Талғар ауданы орталық ауруханасының дәрігерлері нақты ештеңе айтпай отыр.

dutGMIVP1Dc (1)

Сурет: vk.com 

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

«Соңғы тексеріс кезінде Баян Есентаеваның жағдайынан еш өзгеріс байқалмады. Бұл ерте операциядан кейінгі кезең. Есін жиған, сөйлейді, бірақ әлі өте әлсіз. Қазір оның жағдайы ауыр, сондықтан ауруханадан шығарамыз деп айту әзірге ерте. Көз алмасына зиян келген. Тиісті ем жүргізіліп жатыр. Анасынан басқа жанына ешкімді кіргізіп жатқан жоқпыз», – дейді медициналық мекеме директорының орынбасары Ербол Сәрсенбаев.

Оның айтуынша, Баян Есентаеваның қасында қазір кезекші дәрігерлер бар. Олар науқастың жағдайын үнемі бақылап отырады.

Естеріңізге салып өтсек, кеше  қазақстандық жұлдыз Талғар аудандық ауруханасына түсті. Продюсер бас сүйек-ми жарақатын алған, іш қуысына пышақ сұғылған. Ақхалаттылар шұғыл түрде операция жасады.

Бұған дейін хабарланғандай, ерлі-зайыптылар арасындағы кикілжің Құлжа тас жолында болған. Алматы облысының полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 128-бабына сәйкес Бақытбек Есентаевты ұстады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар