Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер бәрін жасай алатын болады: Министр қазақстандық медицинадағы жаңа реформалар жөнінде айтты

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов азаматтарға қандай жағдайда айыппұл салынатынын, дәрілердің нұсқаулықсыз сатылмайтыны жөнінде сөз қозғады. Ауруханалар мен дәрігерлердің не себепті бөлінетіні жайлы айтып өтті, деп жазады Время.

Денсаулық сақтау министрі айыппұл салыну мәселесін талқылап жатқанын, айыппұл заң бойынша міндеттелуі мүмкін екенін айтты.

«Мәселен, скринингтен өтпегенде, жүкті әйелдер есепке тұрмағанда, еш себепсіз баланы дәрігерге қаратпағанда айыппұл салыну қарастырылған. Заңгерлер мен сарапшылардың қолдауынан өткен жағдайда мұндай заң әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде пайда болуы мүмкін. Тек айыппұл ғана емес, ынталандыру мен өзге де шектеулер бар. Мәселен, шетел тәжірибесіне сүйене отырып, бірнеше нұсқа ұсынамыз. Бізде мектепке екпе салдырмаған оқушыларды қабылдамау туралы айтылып жатыр. Бірақ мен мұны қолдамас едім. Қандай жағдай болмасын балаларды  білім алу құқығынан айырмау керек”, – дейді министр.

Елжан Біртанов нұсқаулықсыз дәрі сатуға шектеу қойылатынын, оның алдын алу үшін жаңа жүйе іске қосылатынын айтты.

«Бізде дәрілерді нұсқаулықсыз сатпау жөнінде заң бар. Оны бұзғанда жазаға тартылады. Бірақ көп адам нұсқаулықсыз дәрі сатып ала береді. Фармаинспекторлар қойып, оларға фармацевтерді тексеруді міндеттеуге болады. Бірақ, бұл мемлекеттен көп ақша талап етеді. Сондықтан сандық технологияны қолданамыз. Әр адамның электрондық паспортын жасаймыз. Дәрігерлер науқасты компютере тіркейді. Паспортта оған берілген нұсқаулық та жазылады. Дәріханаларға арнайы терминал қойып, сол арқылы кімге қандай дәрі жазылғанын көруге болады», – дейді министр.

Ал, аурухана мен дәрігерлер қалай бөлінеді. Министр бұған дейін БАҚ-та әр ауруханада шұғыл қабылдау бөлімдерін ашу керек деген мәселені айтқан болады. Осы жайында тағы да тоқталып өтті.

«Біз ауруханаларды науқастарды шұғыл түрде қабылдайтын және өзге де көмек көрсетуге мамандандырылған екі түрге бөлеміз. Науқасты ауруханаға жеткізіп қана қоймай, оны құтқарып қалу керек. Жаңа талап бойынша, әр қабылдау бөлімінде шұғыл көмек көрсету мен ота жасау кабинеттері болу керек. Қабылдау бөлімінің шұғыл көмек көрсету дәрігері деген маман пайда болады. Бүгінде олар дайындықтан өтті. Ол маман қан да тоқтата алады, бала да босандыра алатын болады. Көп салалы аурухана мен қабылдау бөлімдерін біріктіру адамдарға қолайлы болу үшін жасалып жатыр. Адам өлімін азайтып, жақсы көрсеткіштерге жету үшін керек. Сол үшін шұғыл медицинаны қолға алдық. Аудандарға барғанда ескі материалдық-техникалық жабдықтарды көрем. Әкімдіктер осы саланы қаржыландыруы тиіс. Біз мұны қолға алып жатырмыз», – дейді Біртанов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау