Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер әйелдің асқазанынан 14 келі шығатын шашты алды

 Соңғы бірнеше айда іші ерекше қатты ауырғанымен нақты себебін бәле алмаған әйелге ота жасалды. Дәрігерлер әйелдің асқазанына 14 келі шығатын шаш алған.

шаш

Бұл туралы  nz1.ru сайты жазған.

 

23 жастағы Софи Кокс  соңғы жеті жылда  трихотилломания яғни өзінің шашын өзі жұлып алатын ауруға шалдыққан. Екі жыл бұрын дәрігерлер қызға  трихофагия-  өзінің шашын өзі жеп қоятын дертке шалдықты деген.

«Мен өзімнің шашымды ойланып отырып бір талдап жұлып аламын. Сосын оны қалай жеп қойғанымды да байқамай қаламын. Бірақ, осы әдеттің  мұншалықты қауіпті екенін білмеппін»,-дейді қыз.

 

Әйелдің дерті жүкті болғаннан бастап қатты біліне бастаған. Ол салмақ қосудың орнына күн санап арықтап, жүдеп кеткен. Ішінде бұрын соңды болмаған түйіліп ауру белгілері сезіле бастаған.

Әйел босанып алғаннан кейін тіптен басын көтере алмай қалған.  Дәрігерлер оны  жіті тексере отырып асқазанында соңғы 7 жыл бойына жиналған 14 келі шығатын шаштың барын анықтаған.
Қазір ота жасалған келіншектің жағдайы қалыпты.

Талқылау