Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер ата-аналарға балаларының ВИЧ-ке шалдыққанын ерте жастан айтуға кеңес береді

АЙТВ жұқтырған қазақстандық жеткіншек ашық пікір білдірді. 13 жастағы Бауыржан Байдуллаев 12 жыл бұрын жұқтырған 149 баланың бірі.

Фото: Teenergizer

Бала бес жаста болғанда ауруы жайлы ата-анасы айтқан. Ал, өзгелері енді біліп жатыр, деп жазады 31 арна.

Бауыржан сағаттап компьютер алдында отырады. Оның күйзеліске түсіп, ауыр дертпен ауыратынын ешкім аңғармайды.

«11 жасымда ғаламтордан ВИЧ жайлы оқып білдім. Мұндай дертпен ауырса да, толыққанды өмір сүруге болатынын білем. Бірде дене шынықтыру пәнінде біздің командамыз жеңіліп қалды. Сол кезде қатарласымның бірі мені айыптай бастады. Мен киінетін бөлмеге барып, жылап қалдым», – дейді ол.

Әкесі Қанат Әлсейітов баланың дертпен ауыратынын ерте жастан айту керек деп есептейді. Өйткені кейін ауыр қабылдауы мүмкін.

Бүгінде Қазастанда 11-12 жас аралығында ВИЧ-дерті жайлы ашық айтып жатыр. Келесі жылдан бастап «Ана мен бала» оңалту орталығы 6 жастан бастап баланы дайындайды. Бірақ көп ата-ана баласына дерті жайлы айтуға дайын емес. Қазір жүзге жуық оқушы осы дертке шалдыққанын білмейді.

«Бізде есепте тұрған баланың ең үлкені 14 жаста. Ата-анасы оның әлі де дайын емес екенін айтады. Біз ата-анасымен түсіндіру жұмысын жүргізудеміз», – дейді орталық маманы Мадина Аманова.

13 жастағы Бауыржан бұл дертпен айықтыратын дәрі табу арманы барын айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау